БЕЛГІЛІ ӘНШІ ОРАНҒАНДАРДЫ ЖЕЗӨКШЕГЕ ТЕҢЕДІ

by Depti
0 views

Айгүл Елшібаева жұртқа интимді қатынас жайлы дәріс өткізіп жүрген хиджабтағы сексолог мамандарды сынға алды. Мұны арсыздыққа балап, ашуын төкті. Қазақылықтан ада дінсіздіктің көрінісі деп бағалады. 

“Қазіргі супер бомба ақылы тренингтерді жасаушы хиджаптағы қатындардың сабақтарының арасында сексолог, интим тренер сабақ өткізеді. Діннің атын жамылған, сырт киімі хиджаптағы сексолог, әйелдер орталығындағы интимдік қатынасты дәріптейтін нәпсіқұмар, сабақ сатқан қатындар! Ондай дипломды қай университеттен алып, оқып бітірдіңдер?

Ілім рухани, нәпсіни болып екіге бөлінетін еді. Діннің мақсаты нәпсіңді тыйып, нәпсімен күрес, иманға келу, түрлі жезөкшенің интимдік қатынасын үгіттеу емес еді ғой. Дін-рухани кемелдену, ғылыми даму, мәдениет, өркениет, көркем мінез деп оқып едік. Сендер нәпсінің хайуандық дәрежесі мен жезөкшелікті насихаттап жатырсыңдар ма?”, – деп жазды ол. 

Дәстүрлі әнші сексологтер ешбір оқу орнында оқытпайтын мамандықты ойдан жасап, елді алдап жүр деп айыптады. Мұның жезөкшеліктен айырмашылығы жоқ деп кейіді. 

“Байларың, 4 қатынға дейін алғасын, еркекті ырықсыз шабатын хайуандай көріп, байларыңды қалай матап ұстарларыңды білмей, бар өнерлеріңді көрсету үшін, жезөкшеліктің түр-түрін үйретіп жатсыңдар ма? Не масқара?

Қазақтың тарихында қай әйел, қай кемпір, қай әжең жалпақ елге әйел мен еркектің арасындағы интимдік қатынасты үйреткен. Инстаграм, Ютюбте де басына хиджап таққан қатын отыр, жезөкшеліктің түр-түрін үйретіп. Бастарыңдағы хиджапты қор қылып, періштедей оранып, байлап алып, ислам дініне кір келтіргенше, шайтанның жетегіндегі нәпсіңді тыймайсың ба, сенің жезөкшеден айырмашылығың не?”, – деді Елшібаева.

Әнші періште кейіпте айуандықты үйретіп жүргендердің әрекетін тиісті дін мамандары бақылауға алса деген тілегін жеткізді. Ал сексолог мамандар елге ақыл үйреткенше, өз нәпсісін тыйсын деген кеңесін айтты. 

“Дін-рухани ілімді үйретеді, дін мақсаты – нәпсінің жетегіндегі нәпсіқұмарларды көбейту емес қой, жезөкшелікті насихаттап жатырсыңдар ма?

Нәпсіге құл болмаған, нәпсімен күрескен, иман сауыты берік, рухани кемел адамдардың арқасында қазақтан әулие-әнбиелер көп шыққан екен.

Діннің сырт формасымен періштедей көрінген, шайтанның қарбашалары, қу нәпсінің жетегіне кетпей, естеріңді жиыңдар!

Батыстан келген жабайылықтан үлгі алып, қазақы менталитетімізден айырып, үйдегіні сыртқа шығармаған сипатымыздан айырып, отбасы құндылықтарындағы махабат, сенім мен құрметті тек нәпсінің жетегіне байлаған, шайтанның қарбашалары, доғарыңдар мұндай көргенсіздікті!”, –деп жазды ол. 

Желідегі оқырман бірауыздан қолдау білдіріп, өз ойын жазып жатыр.

“Керемет, Айгүл. Халықтың көзін ашып жаздың”, – деп жазды Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова. 

“Аңқау халыққа арамза молда, не сұмдық, осылай тыймаса болмайды. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді деген осы”, “Өте дұрыс айтасыз. Сіздің барлық жазбаларыңыз орынды. Қазір осындай тренингтерді тыймасақ, көбейіп барады. Сөз жоқ. Шырылдап жатырсыз. Тоқтау салу керек!”, “Өте дұрыс тақырыпты көтердіңіз. Алла қолдасын”, “Осы тақырып қашан қозғалады екен деп ойланып жүргем. Сабақтары да бар өмірі естімеген массаж, неше түрліні үйретеді. Шошып шығып кеткенмін”, – деп жазды желідегілер. 

stan.kz

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com