ҚазақстандаБЕЙНЕТАСПА

Белгілі әзілкеш ауруханадан бір шықты (+ВИДЕО)

Жахан Отарғалиевтің денсаулығы сыр беріп, актер Түркияда ота жасатты.

Жұбайы Балжан Бидаштың айтуынша, Жаханның 13 жылдан бері белі ауырып келген. Соған қарамастан, актер операция жасату туралы шешімді аяқ асты қабылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жуырда Жахан өзінің тырнақалды фильмін түсірген болатын. «Джохан» кинокомедиясы мамыр айында көрерменге жол тартады. Актер фильм түсірілімі барысында суық суға түсіп, дертін асқындырып алған көрінеді. 

«Күн қатты суық болды, ойламаған жерден қар жауып кетті. Осы кезде асқындырып алыппын. Содан бері тоқтамай ауырған соң келдім», –  деп бөлісті Отарғалиев. 

Жахан мен Балжан Стамбұлға жете салысымен, емханаға жол тартқан. Бірден ота бөлмесіне түскен актер қазір жағдайының жақсы екенін айтты. 

«Қатты ауырып тұрған соң, тезірек жасағанын қаладым. Қорқатын уақыт болған жоқ», – деді ол. 

Балжан Бидаштың айтуынша, күйеуі Жаханды 13 жылдан бері бел ауруы мазалап келген.

ВИДЕО:

https://www.instagram.com/p/CbkO8svtoRU/

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button