Белгілі актердің жары мезгілсіз дүние салды

by Depti
1 views

Көпке белгілі актер Бақтияр Қожаның жары Баян Құралқызы өмірден өтті. 

Бұл туралы stan.kz жазды. Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы драма театрдың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Қожаның жұбайы Баян Құралқызының мезгілсіз дүние салуына байланысты М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы қайғыға ортақтасып, марқұмның туған-туыс, жақындарына қайғырып көңіл айтады”, – делінген хабарламада. 

Бақтияр Қожа – кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері(1993 жылдан). Құрмет орденінің иегері. 1957 жылы Өзбекстанда дүниеге келген. Т. Жүргенев атындағы Қазақ өнер институтына түскенге дейін эстрадалық миниатюра театрында ойнаған. 1979-1981 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1981 жылдан бері Алматы қазақ драма театрының актері. М.Әуезов. Театрдағы 30 жыл қызметінде 100-ден астам рөлдерді сомдаған.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com