Қазақстанда

БЖЗҚ биыл 154 млрд теңге шығынға ұшырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 154 миллиард теңге шығынға ұшырады. Себебі, қаржы нарығындағы тұрақсыздық зейнетақы жинағы бойынша инвестициялық табыстарға кері әсер еткен, деп хабарлайды 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасы. 

Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов қаржы құралдарының көпшілігі арзандағанын мәлімдеді. Ал теңге бес айда нығайған. Жыл басынан бері инвестициялық кіріс 154 миллиард теңгеге қысқарған. Сонымен қатар, ол зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы табысы 4%-дан асқан дейді. 

«Жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесінің табыс көрсеткіші мен инфляцияны ұзақ уақыт негізінде қарастырған жөн. Мысалы, соңғы бес жылда зейнетақы активтерінде жиналған табысы 53%, бұл кезде жиналған инфляция мөлшері 46,2% болған» depti Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button