Қазақстанда

Доллар тағы қымбаттады

Доллар тағы қымбаттады. Бұл жолы 6 теңгеге өсті. Бұл туралы Қазақстандық қор биржасы мәлімдеді. 

Күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша, доллардың орташа бағамы 454,11 теңге болды. Ол алдыңғы курспен салыстырғанда 5,79 теңгеге қымбаттады. 

Ал Ұлттық банктің 22 маусымға арналған ресми курсы 447,93 теңгені құрады.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 458,27 теңгеден, ал Нұр-Сұлтанда 455,2 теңгеден сатылуда. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button