ҚазақстандаCOVID-19

Екпесін алмаған оқушыны мектепке кіргізбей ме?

Алматыға жеткізілген 46 мың 800 доза  Pfizer вакцинасы қаладағы 20 медициналық мекемеге таратылып жатыр.

Екпе минус 60-тан минус 90 градусқа дейінгі температурада сақталады. АҚШ препараты алдымен 12 мен 18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттерге салынады.

Сондай-ақ, бала емізетін және жүкті әйелдерге де егуге болады. Вакцинаның бірінші және екінші компоненті арасындағы интервал 21-28 күн болуы шарт. Ал Алматыдағы 170 мың оқушының әзірге 20 пайызының ата-анасы ғана баласына екпе салдыруға рұқсат берген екен. Санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары балаларына вакцина салдырғысы келетін ата-аналар санының көбейіп келетінін айтады. Ал препарат қабылдамаған оқушыларды мектепке кіргізбей ме деген сауалға вакцинадан бас тартқан тәлімгерлер штаттық режимде білім ала беретінін мәлімдеді.

“Вакцина мектептерде сақталмайды. Яғни жылжымалы бригада білім ошақтарына барып екпе салады. Вакциналардың сақталу температурасы да қатаң бақыланады. Айта кететін жайт, екпе тек ерікті түрде егіледі. Ал, оны қабылдамаған оқушылар оффлайн режимде оқи береді”, – дейді  Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова. 

Ал көптен күткен вакцина әуелде айтылған топтардан басқа адамдарға салынбайды. Бірақ АҚШ препаратын қабылдағысы келетіндер өздерінің тұрғылықты мекенжайы бойынша ауруханаға барып өтінім қалдырса болады. Дәрігерлердің сөзінше, артық қалған доза болса, басқа топтағы адамдарға да салынады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button