Қазақстанда

Елбасы бейнеленген 20 мың теңгелік банкнота шықты

Ұлттық Банк еліміздің 30 жылдығына арналған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады.

Купюра заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстанның бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және елдің барлық банктерінде аудару, бөлу және айырбастау үшін белгіленген құны бойынша қабылдауға міндетті.

Банкноталар айналысқа екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта» АҚ арқылы түседі.

Мәлімет бойынша, банкноттар айналыста 2021 жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігінде пайда болады. Тираж 3 миллион банкнотты құрайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button