Ерке Есмаханның аяғы ауыр ма?

by Depti
1 views

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан желіде екі ойлы жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Өнер иесі алдағы уақытта көпшілікпен бір жақсы жаңалығымен бөлісетінін айтты. Әншінің өнердегі әріптестері оның аяғы ауыр екенін болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан аталмыш жазбаны Instagram парақшасында жариялап қойған. Ол жанкүйерлерін жақында қуантатынын хабарлады. “Қыздар, менен жақында жақсы жаңалық күтіңіздер! Не деп ойлайсыздар?”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің сөздерін бірден қызу талқылап, өз нұсқаларымен бөлісті. Олардың арасында отандық шоу-бизнес өкілдері де болды. Серік Ибрагимов пен Жазира Байырбекова әнші арудың аяғы ауыр деп болжады.

“Бөпелі боласыздар”, “Тұрмысқа шығасыз”, “Сырға салынады”, “Қазақша ойласақ аяғың ауыр”, “Азаматқа тұрмысқа шығасың, отбасы құрасың”, “Жаңа әндер шығарасыз”, “Той, той”, – деп жазуда желідегілер.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com