Қазақстанда

Ерке мен Азаматтың енді өз ғашықтары бар ма?

Отандық шоу-бизнестің жұлдызы Ерке Есмаханмен қоштасқан репер Азамат Зенкаев жаңа өмір бастағысы келген тәрізді, деп хабарлайды Экспресс К.

Репер жас әнші Зирузамен бірге отырған видеосын әлеуметтік желіге жариялады.

Жастар өздерінің әлеуметтік парақшасында камера алдында ыңылдап ән айтып отырғанын жариялады.

Екі әншінің бұл отырысы тыңдармандардың назарынан тыс қалмады. Көпшілік бұны достық қарым-қатынаспен байланыстырған.

Бұл жазбаны Азамат Еркені қызғандыру үшін әдейі салуы да мүмкін. Себебі сол күні Ерке instagram-дағы парақшасында өзінің біреуге еркелеп жүргенін айтқан болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button