Есқұла су құбыры қашан аяқталады?

img 20220428 wa0081

Қазақстан республикасы Парламенті мәжілісінің 10.04.2022 ж жалпы отырысында депутат Мәди Ахметов экология, геология және табиғи ресурстар министріне 12 жылдан бері аяқталмай келе жатқан Есқұла су құбырының қашан аяқталатынын сұрады. Есқұла құбырына қатысты депутаттық сауал жолдау барысында бұл жоба үшін 2020-2021 жылдары бюджеттен 2.1 млрд. теңге бөлінгенін айтты. Осы айтылған қаржының қаншалықты нақтылығын тексеріп көрдік. Тексеру барысында құрылыстың 2020 жылы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қарағанды облысы әкімдігінің бірлескен жұмысы барысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына енгізілгенін, осы бағдарлама аясында 2.1 млрд жоспарланғанын анықтадық. 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына өзгерістер мен толықтыру

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: