Қазақстанда

Футзалдан Қазақстан құрамасы FIFA-ның арнайы жүлдесімен марапатталды

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) Литвада өткен футзалдан әлем чемпионатында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасына арнайы сыйлығын табыстады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.


FIFA-ның арнайы сыйлығы чемпионат кезінде адал, әрі таза ойын көрсеткен командаға беріледі. Ол үшін жарыс барысында ескертулер мен ойын ережесін бұзу барынша төмен деңгейде болуы шарт. Халықаралық федерация бұл жолы осы сыйлыққа отандастарымызды лайықты деп тапқан.


Айта кетейік, ел құрамасы осы әлемдік додада төртінші орынды иеленді. Бұл команда тарихындағы ең үлкен жетістік. Кеше үшінші орын үшін өткізген соңғы ойында жерлестеріміз Бразилиялықтарға 2: 4 есебімен есе жіберіп алды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button