Қазақстанда

Газеттің күні біткен жоқ…


XXI ғасырдың екінші он жылдығын бастап кеткелі электронды ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер ақпарат нарығында алдыңғы қатарға шықты. «Мерзімді баспасөздің күні бітті!» деген сарындағы әңгімелер жиі айтылуда. Бұл шындыққа саяды ма?

Әрине, мұны дұрыс түсінуге болады: хабар тарату мен алмасу, аудитория ауқымдылығы мен визуалды әсер ету деңгейі өте жоғары электронды БАҚ пен әлеуметтік желі мерзімді баспасөзді, қарапайым тілмен айтқанда, газет-журналдардың алдын орап кеткендей әсер қалады. Тіпті, түгелге жуық басылымдардың таралым саны азайып, көпшілігі жабылып тынуда. Бірақ, бұл газет-журналдың болашағы жоқ дегенді білдірмесе керек. Керсініше, заман талабы өзгеріп, газет-журналдың баяны қайта түлеуі мүмкін деген де пікірлер жиі айтылуда. Бұның себептері де көп көрінеді. Солардың біразын келтіріп кетсек.

Бірінші себебі. Электронды БАҚ пен әлеуметтік желідегі ақпараттың көптігі соншалық, кейін оны теріске шығарған немесе мүлдем соған қарама-қайшы ақпараттар таратылады. Бұл аз десеңіз, таратылған ақпараттың кейіпкерлері мен жауапты тұлғалары кешірім сұрап, бастапқы райынан қайтып жүрген кездері жиі ұшырасады.

Екінші себеп. Электронды БАҚ пен әлеуметтік желідегі негізгі ақпараттардың дені «сенімді дерек көздерінен», «белгісіз болып қалыуды қалаған дерек көздерден», «инсайдерлік ақпарат» деген хабарлар жиі шығып, кейін солардың расталмай қалатыны көптеп орын алатынды шығарды.

Үшіншіден, бұрынғыдай емес, қазіргі уақытта осы ақпарат құралдарындағы хабарларға оқырмандар мен көрермендер арасында сенбестік жиі ұшырасатынды шығарды. Себебі, расталмаған, нақтыланбаған ақпараттан оқырман мен көрермен мезі болды. Амалсыздан ресми, мерзімді баспасөзге бет бұратын кез келеді. Ал, мұндағы ақпарат нақтылы, әбден тексеріліп, нақтыланған соң жарияланады. Яғни, сенімді дерек көзден алынған ақпарат кез-келген қатерлерден алып қалады. Сенімді ақпарат – сенімді бағыт, кепілді табыс!

Ару Ұзақова,
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,
журналистика мамандығының 4-курс студенті

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button