Қазақстанда

Головкинге Канелоны жеңудің жолын айтты

Жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Биволды жаттықтыратын Геннадий Машьянов «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Канело Альваресті жеңу мүмкіндігі жайлы ойын айтты.

«Төрешілер әділ болса, 50 де 50. Бұл – Генаның жасын есепке ала отырып айтқандағым. Ол баяулап қалды. Муратамен айқастың басында ол тым сылбыр болды. Иә, Головкин қазір де жеңе алады. Техникалық тұрғыда ол Канелодан басым. Головкиннің техникалық арсеналы айтарлықтай кең, бірақ, оны қолдану керек. Тіресіп алып жұдырықтасудың қажеті жоқ немесе төбелесіп кетуге болмайды. Өзінің техникалық басымдығы мен ойлау қабілетін іске қосу керек. Ол жерде көрермен немесе өзге біреулердің жетегіне еріп кетуге болмайды» depti бапкер. 

Еске салайық, орта дивизиондағы IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин мен орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес үшінші жекпе-жек өткізуге келіскен еді. USA Today Sports+ мәліметінше, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button