Иманғали Тасмағамбетовке қатысты ЖАҢА ДЕРЕК пайда болды

by Depti
0 views

Бас прокуратура “Иманғали Тасмағамбетовке қарсы тексеру жүргізіліп жатыр” деген ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентітігі.

Бас прокуратура Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқан жоқ деп мәлімдеді. 

“Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке қатысты оның “Астана LRT” ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқаны туралы хабарлама таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз”, – делінген Бас прокуратура мәліметінде.

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы өмірге келген. Ол Қазақстандағы ең жоғарғы саяси қызметтерді атқарды. Қазақстан Үкіметін басқарды. Алматы мен Астана қалалары және Атырау облысының әкімі болды. Президент Әкімшілігіне жетекшілік етті. Қорғаныс министрлігінің де тізгінін ұстаған. Соңғы қызметі – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі. Ол бұл қызметтен 2019 жылдың 18 желтоқсанында кетіп, зейнетке шықты. 

Сондай-ақ ол 2021 жылдың маусым айында “КАМАЗ” компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com