Қазақстанда

Кәріз құдығынан шақалақ табылды

Ақтау қаласындағы кәріз құдығының бірінен айы-күні жетпей туған жансыз шақалақ табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, 9 маусымда сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне шақыру келіп түскен. Хабарламада Ақтау қаласының 32-шағын ауданындағы кәрізден айы-күні жетпей туған жансыз шақалақ табылғаны туралы айтылған. Оқиға орнын бірден жедел-тергеу тобы барып, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Полиция «Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп жатыр» depti. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button