Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын қайта іске қосудың бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір бағдарламаны қайта іске қосудың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Нұсқалардың бірі бойынша көп балалы отбасыларды, күш құрылымдарының қызметкерлерін, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдау жөнінде қосымша бағдарламаны қосу қарастырылған. Сондай-ақ, “Алғашқы отбасылық автомобиль” қосымша бағдарламасын айналымға енгізу мүмкіндігі де тезден өтіп жатыр.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2015 жылы іске қосылды. Ол 20 жылға есептелген және” револьверлік ” кредиттеуге негізделген. Қаржыландырудың жалпы лимиті 82 млрд теңгені құрайды. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап револьверлік-қайтарымды қаражатты есепке ала отырып, 159 млрд теңгеге 30 525 қарыз берілді. Қазірдің өзінде 80 мыңға жуық адам отандық көліктерді сатып алды.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының шарттары бойынша автокөлік құны 15 млн теңгеден аспауы тиіс, ал несиелеу мерзімі – жеті жыл. Қарыз алушы үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 4%-дан аспайды.