Ақмола облысында жол апаты салдарынан әйел мен бала зардап шекті, depti Атбасар ауданы полиция бөліміндегі мамандар.
26 мамырда сағат 08:10-да Атбасар ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшерінен Екатеринбург – Алматы автожолының 1029-шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабарламасы түскен. Анықталғандай, Қостанай қаласына келе жатқан 37 жастағы Hуundai Solaris автокөлігінің жүргізушісі, Нұр-Сұлтан тұрғыны рөлді басқара алмай, Атбасар қаласының 31 жастағы тұрғыны тізгіндеген Shkoda Rapid автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Әділет ҚАНАТҰЛЫ