Қазақстанда

КРЕДИТІ БАРЛАРҒА ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЛМАҚ

Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері қарастырылған.

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасын 4 ақпанға дейін үкімет кеңсесіне енгізуді тапсырды.

Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған орай 18 заңнамалық актіге – 7 кодекс пен 11 заңға түзету енгізу жоспарланған.  

«Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын»  деді Смайылов.

Айта кетейік, Қазақстанда жеке азаматтардың банкроттығы туралы заңды қабылдау мәселесі талай рет көтерілді. Бірақ осы уақытқа дейін қолға алынбады.

Жуырда депутаттар жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң қабылдауды ұсынды. Мақсат – банкке қарызын төлей алмай, күнін әрең көріп жүрген адамдарды жалғыз баспанасынан айырмау.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button