Қазақстанда

Күдікке ілінген күтуші әйел

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық криминалдық полициясының қызметкерлері күтуші болып жұмыс істеген әйелді ақша ұрлады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Отбасына күтуші болып жұмысқа орналасқан 31 жастағы әйел шкафта тұрған ақшаны байқап, жұмыс істеген бір ай ішінде қожайындарының жоқтығын пайдаланып, үнемі ұрлық жасап отырған. Осы аралықта ол барлығы 3000 АҚШ долларын ұрлап үлгерген. Бір күні үй иесі ақшаның жоғалғанын біліп, полицияға хабарласқан.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» depti Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Күдікті кінәсін мойындады. Қазір оның елордада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button