Ләйлә Сұлтанқызы Украинадағы жағдайға пікір білдірді

maxresdefault 1

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Украинада орын алған жағдайға қатысты өз пікірін білдірді.

Ақпарат өкілі әсерлі жазбасын Instagram парақшасында бөлісті. Ол аталған жағдай әлемдегі бейбітшіліктің тас-талқанын шығаруы мүмкін екенін еске салды.

«Украинадағы жағдайға назар аудармау мүмкін емес. Әр жаңалықты оқып, білген сайын көкірегіміз қарс айрылардай болады. Соғыста екі жақ та қазір адам шығынын әрқалай айтып, есебін беріп жатыр ғой. Бірақ біз адам өміріне титтей де қауіп келтірсек, баяғыдан келе жатқан құндылығымыз – бейбітшіліктің тас-талқаны шығады. Ал өлім саны өте көп. Бұл ХХІ ғасырда, жаңа заманда адамзатқа жасалған қиянат, қылмыс екенін аңғарайықшы. Сайқал саясаттың арбауына түспей, басты құндылығымыз – тыныштық, бейбітшілік екенін ұғынайықшы. Баласын әскерге жіберген аналар боздап қалмауы үшін, жастар қыршынынан қиылмауы үшін, көшеге шығарда қорықпауымыз үшін, аман шығып, аман ораларымызға сенімді болу үшін осындағы әрқайсымыз басты құндылықты ойлауымыз керек. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі өміріміз аналарымыздың миына салмақ, көңіліне уайым, ойына қайғы сыйламасыншы. Соғысты айыптайық, соғыссыз өмір сүрейік», – деп жазды ол.

KAZ.NUR.KZ

Жазба:

https://www.instagram.com/p/Cat_ACMsr0I/?utm_source=ig_embed&ig_rid=622204aa-9fd9-4cd3-b846-651c8f906583

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: