Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова жолдасына тоқал алып беру мәселесіне қатысты пікір білдірді.
Өнер иесі өз отбасында мұндай жағдайға жол бермейтінін кесіп айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Эстрада жұлдызы желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, отбасылық өмірі жайлы айтып берді. Жақында Мадина Сәдуақасова мен Олжас Смағұловтың шаңырақ көтергендеріне 8 жыл болады. Бұл орайда, желі қолданушылары әншіден күйееуіне тоқал алып беруге дайын ба екенін ашық сұрайды. Алайда, өнер иесінің жауабы қысқа да нұсқа болды.
“Сұрақтардың ішіндегі ең жаман сұрақ. Аулақ, аулақ, отбасымыздан ондай бәле аулақ болсын”, – деді әртіс.
Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова Түркиядағы пәтерін сатып, Алматыдағы үйін сатылымға шығарғанын айтқан еді. Оған қоса, өнер иесі шетелге көші мәселесіне қатысты жауап берді.