Қазақстанда

МӘЖІЛІС МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ШАРАСЫН МАҚҰЛДАДЫ

ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттары екінші оқылымда халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте көрсетілген міндетті түрде жасалатын вакцинацияны мақұлдады.

Бұған қоса екі түзету енгізу ұсынылды. Мәселен, профилактикалық екпе салдыруға «міндетті» деген сөзді «құқылы» деп өзгерту керек екен. Сонымен қатар егілмеген балаларды балабақшаларға кіргізбеу туралы шешімнен бас тартқан жөн деген бастамалар көтерілген.  Алайда бұл ұсыныстар қабылданбапты. 

 «Екпе түрлері міндетті және өз еркімен салынатын болып екіге бөлінсе, ал балалардың балабақшаға кіргізуге деген рұқсат беру «ұжымдық иммунитетке»  байланысты жүзеге асырылады», – depti қосты Аманжолова.

Дерек көзі: ktk.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button