АТЫРАУДА

БАЛАСЫ САБАҚҚА БАРМАҒАНЫ ҮШІН ӘКЕСІ 2 ТӘУЛІККЕ ӘКІМШІЛІК ҚАМАҚҚА АЛЫНДЫ

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігімен құқық бұзушы Н. ға қатысты әкішілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Н.-ның 2003 жылғы кәмелетке толмаған ұлы ақпан айында 12 күн бойына себепсіз Доссор кентіндегі колледждегі сабағына бармаған, сабақтан қалғандығы жөнінде ешқандай анықтама ұсынбаған және ескертулерге қарамастан сабақты қалдыруын жалғастырған.

Яғни, жасөспірімнің әкесі өзіне әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамаған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толықтай мойындады.

Сот қаулысымен кәмелетке толмаған жасөспірімнің әкесіне кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button