АТЫРАУДА

ТЕҢІЗ КЕНІШІНДЕ ҚАУІПТІ ІНДЕТТІҢ 17 ОШАҒЫ АНЫҚТАЛДЫ

Теңіз кенішінде 2000 аса адам карантиндік стационарда жатыр. Олар короновирусты жұқтырған адамдармен жақын және жанама қарым-қатынаста болғандар.  Соңғы дерек бойынша,  жұмысшылар тұрған вахталық ауылда індеттің 17 ошағы анықталды.

Аталған аймақта індетті жұқтырғандар саны 359 адам, жазылып шыққандар – 64.

16 200 жұмысшы кен орнынан шығарылды. Қалған 800 адамды жақын күндері  жөнелту жоспарлануда.

– Соңғы тәулікте анықталған 92 адам осыған дейін індетті жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған және кеніштен жөнелту алдында  Covid-19 анықтау үшін тапсыратын тест қорытындысы бойынша оң нәтиже бергендер. Бұдан бөлек  тағы 80 орындық стационар орналасқан.  Ол жерде індет анықталып, ауру  белгілері болмағандар орналасады. Қазіргі уақытта аталған орында 35 адам жатыр» – depti  Атырау облысы ТҚСҚБ (СЭС) департаментінің   бас маманы Алмагуль Кушкинбаева.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button