ҚазақстандаБЕЙНЕТАСПА

Марат Омаровқа не болған? (+ВИДЕО)

Отандық танымал әнші Марат Омаров имиджіне өзгеріс енгізіп, елді таңғалдырды. Мұртын алып тастаған өнер иесін көпшілік танымай қалған.

Үш ай бойы Америка құрама штаттарында тұрған Марат Омаров өз жақындары мен достарын сағынған көрінеді. Эстрада жұлдызы Instagram желісінде оларға ән жолдап, сағынышын жеткізген. Алайда, қалың көпшіліктің бар назары әнде емес, әртістің бет-әлпетінде болған. Бейнежазбадан Омаровтың имиджін өзгертіп тастағанын байқауға болады. Өнер иесі мұртын алып тастаған.

Желі қолданушылары әртісті бірден қызу талқыға алды. Олар жұлдыздың бұл өзгерісіне қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Кейбірі тіпті оны танымай қалғандарын жазуда. «Сізді танымай қалдым. Аға, аман болыңыз», «Сол жақтың адамдарына ұқсап кетіпсіз. Дауысыңыздан ғана таныдым», «Мәссаған аға! Мұртыңызды алып тастағансыз ба не? Бірақ әдемі жарасады екен. Жап-жас болып қалыпсыз», » Жасарып шыға келдіңіз», – деп жазды олар. Автор: Малика Хадид Марат Омаров Имиджін өзгертіп та

KAZ.NUR.KZ

Видео:

https://www.instagram.com/p/Caqf1C8Fw_G/?utm_source=ig_web_copy_link

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button