Қазақстанда

Мейрамбек Бесбаев тәртіпсіздік кезінде ауруханаға түсіп қалған ба?

Танымал адамдар неге үнсіз?

Көптеген желі қолданушыларын мазалаған сұраққа Ләйлә Сұлтанқызы жауап берді. Ол – Мейрамбек Бесбаев, Жазира Байырбекова, Дәулет Мұқаевпен телефон арқылы тілдесіп, олардың елде болған жағдайға қатысты пікірін білді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мейрамбек Бесбаев 5 қаңтар күні жеке парақшасында елді сабырлыққа шақырып, видео жариялаған. Ол тәртіпсіздіктер кезінде ауруханада жатқанын айтады.

«Көрдің ғой, Ләйлә, тұманды күндер болды. 30 жылда қиналған қаншама халықтың көз жасы, ашынған күйі жалпы кеше көрініс тапты ғой. Бұл бізге ғана керек мемлекет. Бұл қазақтың ғана мемлекеті», – деп пікір білдірді ол.

Сол сияқты Жазира Байырбекова бүлікшілер Алматының астаң-кестеңін шығарып жатқанда қалаға кіріп келгенін айтады. Ол перзентінен айырылған аналар туралы айтып, жылап қалды.
«Бәрі қирап жатқанда, кірдік түнде. Балаларын жоғалтқан аналарды көріп, менің жүрегім ауырды. Мен мұндай нәрселерге шыдай аламын ба, білмеймін», – деді ол. 

Естеріңізде болса, әншінің 100 жасқа келген әжесі 9 қаңтар күні қайтыс болған еді. 

Ал көпшілікке танымал блогер Дәулет Мұқаев (@dauletten) бүлік кезінде туған қаласы Семейде болған. Ол алдын ала жоспарланған тұсаукесер рәсіміне қатысып, кейін парақшасы бұғатталып қалғанын айтты. Белсенді блогер біраз уақыт халықпен байланысқа шыға алмаған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button