Қазақстанда

Мүгедектерді қорлап келген мекеме анықталды

Павлодардағы медициналық-әлеуметтік мекемелерле мүмкіндігі шектеулі жандарды жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдермен тамақтандырып, қолдарын қайырып ұстағаны белгілі болды, деп хабарлайды “Астана” телеарнасы.

Прокурорлар мүмкіндігі шектеулі павлодарлықтарды орталықтақтағы қызметкерлердің қорлағаны туралы мәлімдеді. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын тексеру барысында өрескел фактілер анықталған. Облыстың мыңнан астам арнайы тұрғыны әлеуметтік қызмет пен арнайы құрал-жабдықты алмаған болып шықты. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қызмет көрсетуге арналған 13 миллиондық бюджет заңсыз игеріліп, ұрланған. Бірнеше медициналық-әлеуметтік мекемеде жарамдылығы өтіп кеткен тамақ берілген.

Осыған байланысты прокурорлар лауазымды тұлғаларға 45 қадағалау актісін жіберді. Кінәлілер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

“Медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірінде қамқорлыққа алынғандарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтадық. Сонымен қатар, тексеру барысында бейнекамералардағы жазбалар алынды. Нәтижесінде, санитардың мүмкіндігі шектеулі адамды балағаттағанын, палатада қолын қайырып отырғанын анықтадық. Облысымыздың, барлық жерде мүгедектердің құқығы бұзылып жатыр” depti Павлодар облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің жетекшісі Асхат Көкімбаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button