Қазақстанда

Мұғалім жалақысы 375 мың теңгеге, дәрігердікі 560 мың теңгеге дейін өседі

Үкіметте мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын арттыру жоспарлары туралы айтылды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті.

Министрлер кабинетінің мәліметінше, Қазақстанда барлығы 1,2 млн азаматтық қызметші бар. 2023 жылға дейін еңбекақыны жыл сайын арттыру жоспарланып отыр, бұл 651 мың мұғалім, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлердің жеке санаттарын қамтиды.

Мұғалімдер еңбекақысы жыл сайын 25%-ке өседі, 2023 жылға қарай екі есе өсіп, 375 мыңға дейін жетеді.

Сондай-ақ дәрігерлердің еңбекақысы жыл сайын 30%-ға дейін өседі. 2023 жылға қарай төлем үш есе ұлғаяды. Яғни 561 мың теңгеге дейін өседі.

Сондай-ақ орта медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20%-ға дейін көтеріліп отырады. Ал 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есе – 229 мың теңгеге дейін өседі. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button