Қазақстанда

Наурыз айында неше күн демаламыз?

2022 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Келер айда қазақстандықтарды бірден екі ресми мереке – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз – Наурыз мейрамы күтіп тұр.

Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтар үш күн демалады – 6, 7 және 8 наурыз.

Биылғы жылы 8 наурыз сейсенбіге сәйкес келетіндіктен, 5 наурыз жұмыс күні болады да, ал дүйсенбі 7 наурыз демалыс күні болады.

Ал Наурыз мейрамы 21-23 күндері аралығында тойланады, сонымен бірге 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді. Осы себептен наурыз айында қазақстандықтар бірден бес күн – 19, 20, 21, 22 және 23 күндері демалатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button