Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі ұсталды

by Depti
0 views

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және “Қазақтелеком” АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде күдікті деп танып Қайрат Сатыбалдыұлыны ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Дәл қазір тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Саясаттанушы Ербол Еділовтың мәліметінше Қайрат Сатыбалдыұлы Алматыдан Түркияға жеке ұшағымен ұшу барысында ұсталған.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар оқиғаларынан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com