Қазақстанда

Өз ұлын балтамен 11 рет ұрып өлтірген

Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты 73 жастағы Владислав Грековқа үкім шығарды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, прокурор айыпталушыға 11 жыл бас бостандығана айыру жазасын сұрады.

«Сот айыпталушының кінәсін мойындағаны мен істеген қылмысы үшін өкінетіндігін және қылмыстың алкогольдік ішімдік ішіп жасалғаны мен оның егде жастағы адам екенін ескерді. Сот айыпталушыға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар сот жәбірленушінің әпкесінің талабын да қанағаттандырды.

Зейнеткер оған 1 млн теңге көлемінде материалдық және 134 107 теңге көлемінде мүліктік өтемақы төлеуге тиіс.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайғылы оқиға биыл 26 маусымда болған. 30 жастағы Василий Скиданенко әкесі Владислав Грековтің жұмыс орнына барады. Ол жекеменшік кәсіпорында күзетші болып істеген. Әкелі-балалы екеуі жанжалдасып, баласы әкесін сыбаған. Ашуға булыққан 73 жастағы Владислав Греков ұлын балтамен 11 рет ұрып өлтіргені айтылған.  

Ол кінәсін мойындады. Алайда оны 11 емес, 3 рет ұрғанын айтқан. Сотта ол өзіне өлім жазасын тағайындауды сұрады.

«Stan.kz»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button