Қазақстанда

ОҚУШЫ ҮЙІНІҢ АУЛАСЫНДА АСЫЛЫП КӨЗ ЖҰМДЫ

Алматыда мектеп оқушысы суицид жасады. Бұл туралы Экспресс К сайты хабарлады.

Қайғылы жағдай қаладағы Медеу ауданында 4 мамыр күні түнгі сағат 4-тер шамасында болған. 8 сынып оқушысы өз үйінің ауласында асылып, көз жұмды. Жас қыздың неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Полиция департаменті ҚК 105 бабы (өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Марқұм Алматыдағы физика-математика мектептерінің бірінде оқыған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button