АТАСЫН АЛДАП, ПЕНСИЯСЫН ШЕШІП АЛҒАН…

by Depti
1 views

Отырар ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі арызданып келген. Онда зейнеткер ер адамның айтуынша 1 жылдан бері белгісіз біреу банк кәртішкесінен жасырын түрде ақша шешіп жүргенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 700 000 теңгеден астам. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Хабарды алған отырарлық сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларына бірден кірісті. Осы құқық бұзушылықты жасаған күдіктіні табуға қажетті жұмыстардың барлығын жүргізді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы әрекет жасаған полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушінің немере баласы болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай зейнеткер банк қосымшасын пайдалана алмайтынын айтып, немересіне ақшасын алып беруін сұраған. Осылайша құпия сөзін айтып, кәртішкесін сеніп тапсырған. Ал немересі болса қалған ақшасын өз қалтасына басып жүрген.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері кез келген адамға сенбеуді, өзіңізге ғана белгілі құпия сандарды ешкімге айтпауды ескертеді. Сіз, қандай да бір алаяқтықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіз.

“Otyrar.kz”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com