Полицейлер ұсталғандарға үтік басқанын мойындады

by Depti
0 views

Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау фактілері бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Бұл туралы бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Қазіргі уақытта 8 резонансты істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Осы істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті деп танылды. Олардың ішінде 9 қызметкер қамауға алынды.

“Атап айтқанда, Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Барлық арызданушы азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады. Жедел-тергеу әрекеттердің нәтижесінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің қатысын анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындады” деді Шалабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, Алматы облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу шаралары аяқталды.

“Олар ұсталған адамды ұрып-соққан. Оның өліміне әкеп соққан әрекет үшін айыпталып отыр. Азаптаулар бойынша қылмыстық істерде тергеу ерекшелігі бар. Жәбірленушілердің көпшілігі қатысы бар адамдарды анықтай алмайды. Өйткені, олар бетперде киген немесе арнайы киім-кешексіз болған” depti Шалабаев.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com