Қайрат Нұртасты жұрт жабылып жұбатуда…

photo 355972

Қайрат Нұртастың мұңды жазбасы көпті ойландырып тастады. Әнші сынаққа тап болғанын айтып, ол үшін Аллаға шүкіршілік етті. Желі қолданушылар сабырлық тілеп, жұбатып жатыр. 

“Сынақ беріп, ұмытпағаныңа шүкір, Алла”, – деп екіұшты жазбы қалдырды әнші. 

Қайрат Нұртастың жазбасына Мәдина Сәдуақасова, Ернар Айдар Нұрболат Абдуллин пікір білдіріп, әншіге қолдау көрсетті. 

Ал желідегі оқырмандар түрлі сауал жолдап, мән-жайды сұрап әлек.

“Не жағдай болып қалды?”, “Қандай сынаққа тап болдыңыз?”, “Алла шүкір еткендерді жақсы көреді, шүкірлік етсеңдер, арттыра беремін деген”, “Сынақтан сабақ алу керек”, “Отбасылық мәселе шығар”, – деп жазды олар. 

Енді бірі мұны ұлының денсаулығына байланысты екенін айтты. 

“Нарұлдың денсаулығыны алаңдаған шығар”, “Аман болсын бала-шағаңыз, бастысы амандық қой”, “Жұлдызбен арадағы мәселе ғой, бірге болуларыңызға тілектеспін”, “Амандық-саулық тілеймін. Ата-анаңыз, балаларыңыз ауырмасын”, “Алла сүйен құлына сынақ береді” деді желідегілер. 

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: