Қазақстанда

Қайрат Нұртастың видеосы тағы да елді шулатты

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас желіде ерекше видеосын жариялап, елді тәнті етті.

Өнер иесінің бейнежазбасы халық арасында қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қайрат Нұртас Instagram желісінде жаңа видеосын бөлісіп, оқырмандарын қуантты. Онда әншінің ақ түстіден қара түсті образға ауысып кеткенін көруге болады.

«Қайрош деген мен боламын», – деп жазды ол.

Эстрада жұлдызының ерекше бейнежазбасы желі қолданушыларының көңілінен шығып, ыстық ықыласқа бөленді. «Трендтен қалмай жүрсіз», «Трендті жаба салсаңыздар болады», «Қайрош мына видеоң жарды», «Осындай видео көбірек болса екен», «Осы бағытта видео түсіре бер», «Ақ көйлек киген, қара көйлек киген Қайраттар да бар болып тұрсыз», «Қайрош қашан концертке барамыз», «Стилі ерекше ғой, өзі де ерекше», – деп жазуда көпшілік.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button