Қазақстанда

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 19 МИЛЛИОНҒА ЖЕТТІ

2020 жылы Қазақстан халқының саны 292 704 адамға ұлғайып, жыл соңында 19 189 022 адамды құрайтын болады.

Бүгін сағат 09:00-дегі статистика бойынша қазақстандықтардың саны 19 004 888 адамды құрап отыр. Түнгі сағат 00:00-ден бері 459 сәби дүниеге келсе, 117 адам көз жұмған.

2020 жылғы Қазақстан халқы санының өзгеру динамикасы Бала туу: орташа есеппен күніне 1 164 бала (сағатына 48.49) Өлім-жітім: күніне орташа есеппен 459 адам (сағатына 19.13) Халықтың көші-қон өсімі: орташа алғанда күніне 97 адам (сағатына 4.06).

Жыл бойына шамамен 424 789 бала дүниеге келіп, 167 610 адам қайтыс болады. ⠀

Осылайша 2020 жылы Қазақстан халқының өсу жылдамдығы күніне 802 адамды құрайды. Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы (екі жынысы үшін) 68.5 жасты құрайды. Бұл әлемде күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығынан (71 жас) төмен.

Дереккөз: ktk.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button