АТЫРАУДАСАРАПТАМА

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС: ПОЛИЦИЯ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРСЫ НЕГЕ ҚАРУ ҚОЛДАНҒАН? (ВИДЕО)

«Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақсу ауданы Береке кентінің тұрғындары арасында жанжалдың неден шыққанын түсіндірді», – depti Aikyn.kz порталы.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған оқиға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кететін мәселе, полиция осыған дейін мал ұрлығының алдын алу мақсатында және «Металлогамма», «NewHantamurNC» ЖШС-нан «микросфера» күл-қоқыс шикізатын жаппай ұрлау әрекетіне байланысты Ақсу өңіріндегі Ақжол және Береке ауылдарына мобильдік бекет қойған. Ол елді мекеннен 15 шақырым қашықтықта орналасқан, яғни адамдардың еркін жүріп-тұруына еш кедергі келтірмейді.
Сондай-ақ мобильдік бекет қойылғалы аумақта мал ұрлығы 35%-ға азайған. «Қалқаман ауылының жанында орналасқан мобильдік бекетке ауыл тұрғындары тиісті құжаттарсыз «микросфера» күл-қоқыс шикізаты тасымалданып жатқаны туралы хабар берген.
Ал 2020 жылдың 13 мамыры күні сағат 17:30-да мобильдік бекетке Береке кентінің 30 шақты тұрғыны автомашиналармен келіп, күш қолданамыз деп қорқытып, полиция қызметкерлерінің мүлкін зақымдап, олардың оқиға орнынан кетуін талап еткен. Қалыптасқан жанжалды жою, сондай-ақ оның ушығуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері арнайы құралдарды қолданып, бос патронмен ескерту оғын ату арқылы осы ауыл тұрғындарының іс-әрекетін тоқтатты» делінген полиция мәліметінде.
Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттен кейін қалыптасқан мәселе шешіліп, ауыл тұрғындары үлеріне тарасты.
«Арнайы құралдары қолдану фактісі бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Соның барысында полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Видеода ролик авторы ауыл тұрғындары тарапынан шыққан қорқытуларды басында және соңында алып тастағаны көрініп тұр, онда полиция қызметкерлері осы тұлғалардың заңсыз әрекетін түсіндірген».

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button