Қазақстанда

Қазақстанда күн жылынады

Қазгидромет алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады. Елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын болады.

Синоптиктер болжамына сәйкес, батыс, солтүстік-батыс пен солтүстіктің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.

Тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деген болжам жасалды.

11 қарашадан бастап ауа температурасы батыс, солтүстік-батыста түнде -10…0°C аязға дейін, күндіз -5…+5 °C жылыға дейін төмендейді. Оңтүстік-батыста түнде +2…+7°C жылы, күндіз +5…+10°C жылы болады.

Солтүстікте -2…+3°C-қа дейін жетеді.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашын жаумайды, күндіз ауа температурасы +5…+15°C дейін көтеріледі.

Жел жылдамдығы 15-23 м/с-ке дейін күшейеді.

«Stan.kz»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button