Қазақстанда медицина мамандарына сұраныс артты

by Depti
1 views

Соңғы бес жылда Қазақстанда медицина мамандарының тапшылығы екі есеге артып, 23,1 мыңға жетті. Бұл туралы Есеп комитеті Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаменті директорының орынбасары Нұрлан Катренов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, аудит қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі проблема мен кемшілік анықталған.

“Біріншісі – медицина кадрларының тапшылығының артуы. Кейінгі бес жылда, 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін тапшылық екі есе – 10 мыңнан 23 мыңға дейін артты. Бүгінде осы мәселені шешу лауазымдарды біріктіру арқылы жүзеге асырылып отыр. Қазір толық емес жұмыс уақытының жалпы коэффициенті 1,5-тен 2-ге дейін өзгерді. Мұның бәрі медицина мамандарына үлкен жүктеме әкеледі” depti Катренов Есеп комитетінің отырысы кезінде.

Оның айтуынша, аудит қорытындысы бойынша дәрігерлерге түсетін шағым саны артқаны байқалған. Спикер бұл жоғары жүктемеге байланысты екенін түсіндірді.

“Сондай-ақ, медициналық білімі бар мамандардың шетелге кетуі жиілегені байқалады. Кейінгі бес жылда олардың саны 5 мыңға жетті. Сондай-ақ, медициналық білімі бар мамандар қартайып жатыр. Бүгінгі таңда зейнетке дейінгі жастағы дәрігерлер шамамен 30 пайызға жетті” деді Нұрлан Катренов.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com