Қазақстанда

Қазақстанда ұн бағасы қымбаттайды

Ұнның тоннасы 250 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы астық өңдеушілер одағының президенті Әлихан Талғатбек мәлімдеді.

Биыл ақпан–маусым айының аралығында ұнның тоннасы 160 мың теңгеден 220 мыңға дейін көтерілген.

«Шілдеде біз ұнның бағасын тағы өсіруге мәжбүрміз. Өйткені, астықтың тоннасы 170 мың теңгеге дейін жетті. Сондықтан ұнның тоннасын 220 мыңнан 250 мың теңгеге дейін көтереміз. Баға шамамен 23%-ке өседі. Бұл барлық ұн өнімдерінің қымбаттауына әкеледі» depti ол.

Астық өндірушілер одағының мәліметінше, қазір нарықты ресейлік кәсіпорындар жаулап алды. Себебі, баға жағынан оларға бәсекелесу мүмкін болмай тұр.

«Ресей ұн экспортына шектеу енгізгендіктен соңғы бірнеше айда қазақстандық диірмендердің 80%-нің жұмысы тоқтатады. Елде 174 диірмен жұмыс істеді. Салдарынан біз Тәжікстан мен Өзбекстан нарығын жоғалттық. Бұл мемлекеттерге жіберілетін ұн экспортының көлемі қысқарды» деді одақ президенті Әлихан Талғатбек.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button