Қазақстанда

Қазақстанда жаңа оқу жылы мен демалыс күндері бекітілді

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде 2021-2022 оқу жылының ұзақтығы туралы бұйрыққа қол қойды.

2021-2022 оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда — 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда — 34 оқу аптасын құрайды.

Оқу жылы ішіндегі демалыс күндері келесідей анықталды:

  • 1-11 (12) сыныптарда: күзгі — 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы — 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі-12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда);
  • 1-сыныптарда: қосымша каникул — 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button