Қазақстанда

Қазақстандағы бензин тапшылығына министрлік түсінік берді

ҚР энергетика министрлігі кейбір жанармай құю бекеттерінде бензиннің жоқтығы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ деген ақпарат пайда болған.

«Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттары жанар-жағармай өндірісін үздіксіз жүргізіп жатқанын хабарлайды. Қордың көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Осылайша, бензин тапшылығына негіз бен алғышарттар жоқ”, – деп атап өтті департамент.

Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын айтып, сатудан бас тартса, Энергетика министрлігі бұл ақпаратты дереу WhatsApp мессенджері арқылы +7 777 999 52 18 телефон нөміріне хабарлауды сұрайды. Департамент мамандары алынған ақпараттың растығын тексереді.

Энергетика министрлігі бағаны негізсіз көтеру және нарықта жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын тудыру әрекеті фактілері тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға берілетінін баса айтады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button