Қазақстандық оқушылар халықаралық байқауда топ жарды

by Depti
0 views

Қазақстандық мектеп оқушылары халықаралық компьютерлік жобалар байқауы кезінде үш сағатта робот құрастырып шығып, бірінші орын алды. Жеңімпаздар қатарынан көрінген шымкенттік Ерасыл Қайыпов жеңіске қалай жеткенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

“Infomatrix-Asia” деп аталатын халықаралық байқауға көптеген мемлекеттен 365 жас өнертапқыш қатысқан. Байқауда оқушылар алты бағыт бойынша жоба ұсынған. Ал отандық жас өнертапқыштар Robotics Computer бағыты бойынша жеңіске жеткен. Шымкент қаласындағы “Білім-инновация” мектебінің 10-сынып оқушысы Ерасыл Қайыповтың айтуынша, оның командасы жарысқа бірнеше апта бойы әбден дайындалған.

“Біз бұл жарыстың болатынын бір ай бұрын білдік. Бірнеше апта бойы Arduino USB базалық платформасы арқылы робот машина құрастырып, байқауға дайындалдық. Бұл жеңіс біздің командамызға тынымсыз еңбектің арқасында келді. Жарыста тапсырманы орындауға 5 сағат уақыт берілді, бірақ біз 3 сағатта робот машинаны құрастырдық. Роботымыз тік төртбұрыш аренада әр бұрышта тұрған заттарды алып, ортадағы сары шеңберге қояды. Оны Bluetooth-модуль арқылы телефондағы қосымшаның көмегімен басқарамыз, белгілі бір градуста қисайта аламыз. Байқауда 1-орын алғанымызға өте қуаныштымыз. Мұндай жарыстар бізге өзге мемлекеттің бағдарламалауға қызығатын жас өнертапқыштарымен танысуға, тәжірибе алмасуға көмектеседі” depti ол.

Аталған байқау 6-7 маусым аралығында Сулейман Демирел атындағы университетте өткен. Шараны IT саласының маманы Исмаил Гесан ұйымдастырып отыр. IT саласы бойынша қабілетті балалар бақ сынасатын байқау биыл 8-інші мәрте өткен. Ал балалардың жұмысын Google, Facebook сияқты әлемдік компанияларды жұмыс істейтін мамандар бағалайды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com