Қиын кезде қашып кеткендерді сынға алды

by Depti
0 views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК қызметін сынға алды.

Өз сөзінде ол жергілікті департамент басшыларының жұмыстарына адалдық танытпаған атап өтті.

“Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік қызметтегі әскерилер абыроймен көзге түсті. Дегенмен бәрі де бірдей өзінің борышына адалдық танытпады. Кейбір қалаларда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсенал болғанына қарамастан, қару мен құпия құжаттар сақталған қызметтік ғимараттарды қорғамай, бас сауғалап қашып кетті”, – деді Тоқаев. 

Бұған қоса ол комитет жұмысын сынға алды. 

“Біздің қоғамның біртұтастығы кәсіби әзірленген сценарийлер бойынша наразылық акциялары арқылы бұзылды. Радикалды шаралардың нақты орындаушыларын дайындау конспирациялық жолмен жүргізілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті уәкілетті орган ретінде елдегі іріткіге нақты баға бере алмады, бергісі де келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке сыни қауіп-қатерді байқамады. Шабуылды ұйымдастырушылар сыныққа сылтау іздеп отырды, олар өз ойларын қайтсе де жүзеге асыратын еді”, – деді мемлекет басшысы. 

“Stan.kz”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com