Қос Қайраттың қамалу мерзімі ұзартылды

by Depti
0 views

Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

“2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты” depti елордалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Осы күні мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыұлын қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты, ал одан бір күн бұрын, 2022 жылдың 7 маусымында күдікті Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қамауға алу мерзімі ұзарған.

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет “Қазақтелеком” АҚ-тың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев қамауға алынғаны хабарланған еді. 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Мамырдың басында Сатыбалдыұлы да, Боранбаев та Forbes рейтингіндегі Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізімінен шығарылған еді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com