Қостанай облысының әкімі жұрттың ашуын туғызды

news full163931368823946b7642a1b68550022e50e27d32e6

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласына барған сапарында сынға қалды.

Белгілі болғандай, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін Арқалық қаласына барған. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өңір басшысы үш инвестициялық нысанның салтанатты рәсіміне қатысқан екен. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Алайда әкімді күтіп алу кезінде және лента кесу барысында ер адамдардың жанында тұрған қыздардың жұқа киінгені желі қолданушылардың наразылығын туғызды.

“Неліктен бұл үшеуі теріден жасалған бас киім, қолғап, супер-пупер курткалар киген, ал қыздар орамал тағып, қолғапсыз, камзол киіп тұр”, – делі желі қолданушысы Жангелді Сүлейменов.

Ол қыздар күн суықта бірнеше сағат тұрған шығар деп болжады.

“Бұлар – болашақ аналар, оларды қорғау керек! Артқы жақта бір адам тіпті капюшон тағып алыпты, демек, күн қатты суық болған. Ал лентаны кескендер қолғап киіп алған, қолғаппен кесу ыңғайсыз емес пе? Демек, олардың ақ, нәзік қолдары қатып қалған, ал қыздар жаурап, шыдап тұра берсін бе?” – деп жазды ол. 

Қазақстандықтар жағдайға қатысты пікірлерін ашық жазды.

“Бұл біздің еркектердің қыздарға қандай қарым-қатынас жасайтынының ашық көрінісі! Көңілің құлазиды” деп жазса, енді бірі “Осыдан кейін неге қыздар өзге ұлттарға тұрмысқа шығады дейді? Барлығы осы фотода көрініп тұр” деп сынады.

“Қыздарға обал. Барлық өңірде осы ғой”, “Наурызда солтүстік өңірлерде әртістер сахнаға ұлттық киімде шыққанда не үшін осылар келіседі екен деп ойлаушы едім”, “Ал лента кесу мүлдем бұрынғы заманнан қалып қалған әдет”, “Қызыл лента, қайшы дегенді қою керек, не қысқы уақытта шараны іште өткізу керек” деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Арқалық қаласында кеше ауа температурасы – 10 градусты көрсеткен.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: