Қазақстанда

Құрылыс нысанынан ер адамның мүрдесі табылды

Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мүрдесі табылды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растап отыр. Ведомство мәліметінше, оқиға 19 маусым күні кешкісін Зачаган кентінде болған.

«Сағат 21.41-де Брусиловский көшесіндегі құрылыс орнынан 1972 жылғы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді» depti ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабымен («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button