Қазақстанда

«Қыдырәлі бұндай емес…»

Күштік құрылымдардың кезекті шарасы кезінде бір топ адам ұсталды. Олардың арасында Қыдырәлі Болмановқа ұқсайын адам елдің назарын аударды. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Facebook желісінде продюсер Серік Абас-Шах аталған суретке қатысты әзіл-қалжың ретінде жазба жариялады. Онда журналист танымал әншіге ұқсайтын адамның суретін жүктеп, төмендегідей сұрақ қойыпты.

«Ауыл шопырының сұрағы:

Арнайы қызмет орындарының құрығына іліккен мына кісіні кім деп ойлайсыз?

ЖАУАП НҰСҚАЛАРЫ:
1. “АБК” тобының бұрынғы мүшесі, уникальный вокалист,

2. “Йакын инкар” радикалды тобының қазіргі мүшесі, начинающий террорист,

3. … сіздің нұсқаңыз?»

Мұны көрген желі оқырмандары: 

«Астағфируллах, сонша ұқсайды»,»Әдейі жасаған сияқты», «Менің ойымша алдын ала ұйымдастырылған»,»Қыдырәлі бұндай емес»,»Қыдыкеңмен ойнамаңдар-ееей»,»Өнер жұлдыздары сияқты боянып шыққаны ше бұлардың»,»Әдейі істеген, отвечаю»,- деген пікірлер қалдырды. 

Дегенмен көпшілік мұның фотошоп екенін айтуда.

Еске салсақ, елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскерилер мен тәртіп сақшылары және бейбіт тұрғындар зардап шекті. Ал, бүлкішілер арасында террористер болғаны мәлім болды. Бір ғана Алматы қаласына 20 мыңдай лаңкес шабуыл жасаған.Олар әкімшілік ғимараттарды қиратып, дүкендерді тонаған болатын. Қазіргі таңда 11.000 бүлікші ұсталып, тергеліп жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button