Қазақстанда

Ресей нөмірлі көліктерге қатысты тағы да өзгеріс енгізілді

Ресей нөмірлі көлік иелері Ресейде техбайқаудан өтуі тиіс.

Отырар ауданында полиция қызметкерлерімен бірге жыл басынан бері 515 Ресей Федерациясынан әкелінген Ресей автокөлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырылып, оның 465-і айыптұраққа қойылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты отырарлық полицейлер тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтар болсақ Ресейден әкелген автокөліктердің құжаттарын рәсімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автокөлік тіркелген мекенжайға барып, техникалық байқаудан өтуі міндетті екенін түсіндірді.

Ал электронды түрде міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік пайдалануға жарамсыз.

Осы тұста тәртіп сақшылары аталған жайттар орын алған жағдайда ӘҚБтК-нің 590-бабы, яғни «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік шара көрілетінін ескертеді. Сондықтан өзіңіздің Ресейлік автокөлігіңіз болса, құжаттарының заңды болуына көз жеткізіңіз, деп ескертеді ТО ПД баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button